Мұнайбитумды жыныстарды ультрадыбыстың әсерімен өңдеу кезіндегі сілтілі ерітінділердің экстракциялық әсері
DOI:
https://doi.org/10.18321/cpc23(1)71-81Кілт сөздер:
мұнайбитумды жыныс, табиғи битум, ультрадыбыстық технология, кавитация, сілтілік ерітінділерАңдатпа
Мұнайбитумды жыныстар мен мұнай құмдарындағы табиғи битумдар болашағы зор энергия көзі болып табылады. Бұдан басқа, оларды өңдеу өнеркәсіптік маңызды жол битумын алуға мүмкіндік береді. Мақсатты өнімдерді алу үшін мұнайбитумды жыныстардан алдымен битумды бөліп алу қажет, содан кейін оны әрі қарай өңдеуге болады. Оны алудың тиімді әрі дәстүрлі емес әдістерінің бірі – ультрадыбыстық әсер ету. Ультрадыбыстық технология өңделмеген жыныстарға ультрадыбыстық толқындар арқылы әсер етуді негізге алады, бұл әртүрлі физикалық күштердің әсерінен олардың құрылымының бұзылуына әкеледі. Битумды ультрадыбыстық әдіспен алу салыстырмалы түрде арзан, сондай-ақ қымбат және улы реагенттерді қолдануды қажет етпейді. Бұл жұмыста Мұнайлы Мола және Беке кен орындарының мұнайбитумды жыныстарынан ультрадыбысты қолдану арқылы битумды бөліп алудың нәтижелері келтірілген. Жұмыстың нәтижесінде сілтілі ерітінділер ортасында 1500 Вт ультрадыбыстық қуатта және 22 кГц ультрадыбыстық тербеліс жиілігінде битумды бөліп алуды тездететінін көрсетті. Мұнайбитумды жыныстардан битумды бөліп алуға ерітіндінің рН өзгеруі де зерттелді. Екі кенорынның табиғи битумының негізгі физикалық-химиялық сипаттамалары ультрадыбыспен бөліп алудан кейін анықталды, мұнда битум құрамында механикалық қоспалардың аз мөлшерімен сипатталады. Жұмыстың нәтижесінде битум алудың оңтайлы шарттары анықталып, алынған өнімдердің физика-химиялық сипаттамалары анықталды.Әдебиеттер тізімі
(1) Dorozhnyy bitum. Kak reshaetsya problema defitsita. Elektron. resurs. URL
(2) Myltykbaeva Z, Mussabayeva B, Ongarbayev Y, Imanbayev Y, Muktaly D (2024) Processes 12(10):2162. Crossref
(3) Murray RG (2015) Upgrading Oilsands Bitumen and Heavy Oil. The University of Alberta Press, Canada, p. 500. Crossref
(4) Hao J, Tian Y, Zhang J, Qiao Y, Che Y (2018) Chem Ind Eng Progr 37(9):3337-3345
(5) Luo X, Gong H, He Z, Zhang P, He L (2021) Ultrason Sonochem 70:105337. Crossref
(6) Myasnikov SK, Bezukladnikova AI (2011) Advances in Chemistry and Chemical Engineering [Uspekhi v khimii i khimicheskoy tekhnologii] 1(117):97-102 (In Russian)
(7) Qiu LQ, Zhang M, Chitrakar B, Bhandari B (2020) Ultrason Sonochem 68:105230. Crossref
(8) Ongarbaev EK, Imanbaev EI, Tileuberdi E, Golovko AK (2017) Combustion and Plasmachemistry 2:148-155 (In Russian).
(9) Zou Ch, Zhao P, Ge T, Li D, Ye H, Huang G (2016) Energy Sources A 38(2):270-276. Crossref
(10) Avvaru B, Roy SB, Ladola Y, et al. (2008) Chem Eng Process 47:2107-2113. Crossref
(11) Saleh M, Yani S, Nurjannah (2022) J Phys Conf Ser 2394:2394. Crossref
(12) Nadirov NK (2001) High viscosity oils and natural bitumens [Vysokovyazkie nefti i prirodnye bitumy]. Gylim, Almaty, pp. 10-17 (In Russian)
(13) Telyashev EG, Khayrudinov IR, Kutin YuA, Orazova GA, Bukanova SK (2008) Exposition. Oil Gas [Ekspozitsiya. Neft Gaz] 5:24-26 (In Russian)
(14) Beysenbayev OK, Esirkepova M (2018) Orient J Chem 34:482-492. Crossref
(15) Zhang Y, Ding MS, Liua J, Jia WH, Ren SL (2015) Colloid Surf A 482:241-247. Crossref
(16) Imanbaev EI, Ongarbaev EK, Myltykbaeva ZhK, Serikkazinova AK, Malaev AK, Muktaly D, Tileuberdi E, Ayapbergenov EO (2024) Bulletin of the oil and gas industry of Kazakhstan [Vestnik neftegazovoy otrasli Kazakhstana] 3:94-101 (In Russian)
(17) Chang CL, Spenger O, Amran A, Khalil MI, Ariffin MH, Balakrishnan D (2019) SPE-196508-MS, SPE/IATMI Asia Pacific Oil and Gas Conference and Exhibition. Crossref
(18) Abramov VO, Abramova AV, Bayazitov VM, Mullakaev MS, Marnosov AV, Ildiyakov AV (2017) Ultrason Sonochem 35:389-396. Crossref
(19) Mullakaev MS, Abramov VO, Abramova AV (2017) J Pet Sci Eng 159:1-7. Crossref
(20)Mullakaev MS, Abramov VO, Abramova AV (2017) J Pet Sci Eng 158:529-534. Crossref
(21) Mullakaev MS, Abramov VO, Abramova AV (2015) J Pet Sci Eng 125:201-208. Crossref
(22) Abramova A, Abramov V, Bayazitov V, Gerasin A, Pashin D (2014) Engineering 2014(6):177-184. Crossref
(23) Abramov VO, Mullakaev MS, Abramova AV, Esipov IB, Mason TJ (2013) Ultrason Sonochem 20(5):1289-1295. Crossref
(24) Kasongo T, Zhou Zh, Xu Zh, Masliyah J (2000) Can J Chem Eng 78:674-681. Crossref



